Рухани: АҚШ Иранға қысым көрсетуде нәтижеге жетпейді
ИИР Президенті «Америкалықтар Иран халқының әлеуеттеріне алаңдаушылық білдіріп, қысымдарды арттырғанымен нәтижеге жетпейді»,- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні министрлер және облыс әкімдерімен өткізген ортақ отырыста: «Бүгін америкалықтар өз міндеттемелеріне қайшы, аймақтың бірнеше мемлекетімен бірге Иран халқына қарсы қысымдарды арттыруды көздеп отыр. Бірақ, Иран халқы мен үкіметінің ынтымақтастығының арқасында олардың қастандықтары сәтсіздікке ұшырайды»,- деді. Рухани сондай-ақ, Иран мен көршілес елдердің ынтымақтастықтарын арттыру қажеттігін қуаттап: «Иранның жекеменшік бөлімі басқа мемлекеттердің, әсіресе көршілес елдердің жекеменшік бөлімдерімен жақын байланыс орнатып, ынтымақтастықтарын жалғастырады»,- деді.
Иран Президенті елдің тасымал саласында жақсы жұмыстар жасалғанына тоқталып, Иранның құрлықаралық тасымалмен айналысатын кемелеріне 10 кеме қосылғанын мәлімдеді. Рухани Иранның ұшырған жерсерігі туралы: «Ислам республикасы жерсерік пен жерсерік тасымалдаушы жасау саласында жоғары жетістіктерге жетті. Кейбір кемшіліктер жақын арада түзетіледі»,- деді.