Джебели: Марзия Һашемидің ісі – Иранмен саяси соғыс
(last modified Sun, 20 Jan 2019 10:22:08 GMT )
Қаң 20, 2019 16:22 Asia/Almaty
  • Джебели: Марзия Һашемидің ісі – Иранмен саяси соғыс

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы Марзия Һашемиді қамауға алуды АҚШ-тың ИИР-мен саяси соғысы және Ислам революциясының қырық жылдығы қарсаңындағы жаңа қысымы деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Пейман Джебели "Америкалық адам құқығы" атты отырыста Press TV-дің тележүргізушісі әрі тілшісінің қамауға алынуы туралы: "АҚШ үкіметі тек Марзия Һашеми және Press TV-мен дауласып отырған жоқ, сонымен қатар  АҚШ-ты барлық кезеңдерде жеңіліске ұшыратқан Иран халқымен және қарсыласу өзегі қырық жыл бойы әртүрлі салаларда айбынды да берік болғандықтан жанжалдасып жатыр",-деді.

Джебели АҚШ-тың аймақ пен халықаралық деңгейде үсті-үстіне жеңіліс тапқанына тоқталып: "АҚШ ИИР-ның ақпарат құралдарынан әлемдік БАҚ-қа бір сөйлем өтіп кететінінен қорқады. Бұл жолда АҚШ-қа жақтаспай, сионистік режим мен Сауд Арабиясы және олардың қылмыстарын сынап, әшкерелейтін кез келген ақпарат құралдарының белсенділігі насихат саналады",-деді.

Press TV телеарнасы Марзия Һашемиге қатысты екінші сот отырысының 23 қаңтарға жоспарланғанын хабарлады.