Ғасеми Германияда айтылған уәждерге реакция білдірді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Германияның кейбір ақпарат құралдарында осы елдің армиясында аудармашы-кеңесші ретінде қызмет атқарып жүрген тегі ауған азаматтың Иран үшін тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынғаны туралы уәждеріне реакциясында бұл адамның Иранмен байланысын теріске шығарып:
"Қазіргі маңызды кезеңде Иран мен Еуропаның қарым-қатынасын бұзуды көздейтін адамдар қауіпсіздік саласында жөнсіз айып тағып жатқанда Теһран мұндай хабарды естігенге таңқалмайды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сенбі күні кешке: "Теһран Иран мен Еуропаның көптеген елдерінің, әсіресе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысатын елдер арасындағы байырғы қарым-қатынасқа дұшпандардың бар екендігін сан рет айтты. Олар осы байланысты бұзу үшін жалған уәждер айтып, айып тағудан аянып қалмайды",-деді.
Осындай жағдайда Германияның "Handelsblatt" газеті сенбі күні АҚШ-тың осы істі ашуда тікелей рөл атқарғанын мойындады.