Рухани: Иран Еуропамен ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды
(last modified Sun, 10 Apr 2016 14:33:11 GMT )
Сәу 10, 2016 20:33 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Еуропамен ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды

ИИР президенті Еуропалық Одақ пен Иранның жан- жақты ынтымақтастықтарын кеңейтудің аймақтық және халықаралық түйінді мәселелерді шешуде ерекше рөл мен маңызға ие екендігін мәлімдеді.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Эстония Сыртқы істер министрі Марина Кальюрандты қабылдауында: «Иран мен Эстония ортақ ынтымақтастықтарды кеңейтіп, тереңдету үшін кең ауқымды мүмкіндіктерге ие. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы екі тарапты қызықтыратын салаларда байланыстарды кеңейту үшін жаңа есіктерді ашу керек» деді.

ИИР президенті сөзінің жалғасында лаңкестік тақырыбы және онымен жаппай күресу қажеттілігіне тоқталып, ИИР-ның Африканың солтүстігінен Таяу Шығысқа дейінгі кейбір елдердегі тұрақсыздықтарға алаңдап отырғанын мәлімдеді.

Рухани сондай-ақ Иранның миллиондаған босқынды қабылдап, аймақтағы үкіметтер мен ұлттарға лаңкестік топтармен күресуде көмек көрсетіп отырғанын мәлімдеп: «Иран мен Еуропа Одағының ынтымақтастық салаларының бірі аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін кеңесу мен үйлесімділік жасау болып табылады. Кеңесуді күшейту арқылы аймақта бейбітшілікті нығайту бағытында пайдалы, сындарлы және әсерлі ынтымақтастықтар қалыптасуы керек» деді.

Эстония Сыртқы істер министрі Марина Кальюранд та Иран Ислам Республикасын аймақтық және әлемдік маңызды ойыншылар мен ықпалды елдердің қатарында атап, Эстонияның екі тарапты қызықтыратын барлық салалар бойынша Теһранмен ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделік танытатынын қуаттады.