Егер Еуропа «Ортақ қадам» бағдарламасын сақтау үшін шығын шығаруға күмәнданатын болса, Иран күтпейді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани Теһранның еш уақытта «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші бұзбайтынын баса айтып: «Егер Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін шығын шығаруға күмәнданатын болса, Иранның күтпейтінін білсін»,- деді.
Әли Шамхани дүйсенбі күні жарияланған Теһранның сыртқы саясатын зерттеу басылымына берген сұхбатында: «Еуропалықтар Иран өз құқығы мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының Теһранға беретін мүмкіндіктерінен бас тартады деп ойламасын»,- деп баса айтты. Шамхани АҚШ Президентінің Иран халқына экономикалық қысым көрсетіп, халықты бағындыруды ойлайтын тілге тиек етіп: «АҚШ бұл кезеңде тіпті әлемнің маңызды мемлекеттерін Иранға қарсы санкция салуға мәжбүрлей алмай отыр»,- деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Батыс Азиядағы қазіргі оқиғалардың Израиль режимінің қауіпсіздік саласындағы дағдарысының артуының белгісі деп атап: «Сионистік режим қарсыласу қозғалысы зымырандарының алдындағы өзінің қауқарсыздығы мен алаңдаушылықтарын жасыра алмайды»,- деді.