Ғасеми Маһан Эйр компаниясының Германияға ұшу лицензиясының күшінің жойылуына наразылық білдірді
Қаң 23, 2019 14:06 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Маһан Эйр компаниясының Германияға ұшу лицензиясының күшін жоюды асығыс және екі елдің қарым-қатынасына қайшы әрекет деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми: «Германияның бұл әрекеті дәлелсіз, Иран мен Германия қарым-қатынасы үдерісін жақтырмайтын кейбір елдер берген қате мәлеметтер салдарынан туындап отыр. Біржақты әрі қате мәлеметтерге сай іске асырылған бұл әрекетті ешбір қисынмен ақтауға болмайды. Маһан Эйр компаниясының Германиямен ынтымақтастықтарына жасаған шолу ешбір теріс жайтты көрсеткен жоқ»,- деді.
Тегтер