Қаң 26, 2019 12:10 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "Қазір дұшпан соғысқа бар әлеуетімен әзір тұр. Сондықтан халық пен жауапты тұлғалар идеологиялық бүлік қалыптастыру үшін ауқымды шабуыл бастаған әлеуметтік желілерден абай болып, оларға тосқауыл қоюы керек",- деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында Иранның ішкі әлеуеттеріне сілтеме жасап, жауапты тұлғалардан нақты әрі дұрыс жоспар құру арқылы халықтың экономикалық қиындықтарын шешу үшін әрекет етуді сұрады.

Теһран жұма намазының имамы сөзінің жалғасында Ислам революциясының 40 жылдық мерейтойын мадақтап, халықты имам Хомейни мен шәһидтердің армандарына және ислам революциясының жетекшісіне адалдықтарын қуаттау үшін баһманның жиырма екісі күнгі шеруге жаппай қатысуға шақырды.

 

 

 

Тегтер