Ғасеми: Иранның зымырандық әлеуеті талқыланбайды
(last modified Sat, 26 Jan 2019 06:24:01 GMT )
Қаң 26, 2019 12:24 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранның зымырандық әлеуеті талқыланбайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Франция СІМ Жан-Ив Ле Дрианның Иранның зымырандық бағдарламасын тоқтатуды сұраған сөзіне берген жауапта ИИР-ның зымырандық әлеуетінің талқыланбайтынын баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Баһрам Ғасеми Иранның зымырандық әлеуетін тежегіш сипатты доктринаға негізделген ИИР-ның заңды қорғаныс қуатының бір бөлігі, ұлттық қауіпсіздігінің кепілі деп атады.

Ғасеми, сондай-ақ, Франция СІМ-нің зымырандық санкция жариялау туралы қоқан-лоққысын екі ел арасындағы саяси сұхбаттар мен ынтымақтастыққа негізделген рухқа қайшы екенін, Еуропа елдері жариялаған кез келген жаңа санкцияның Иранның бұл елдермен өзара әрекеттестік жасаудағы әдісін қайта қарастыруға соқтыратынын мәлімдеді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның үнемі аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуды мақсат ететінін, керісінше, АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің, соның ішінде Францияның басқыншылық әрекеттерге арналған ауыр қару-жарақты ауқымды түрде сатуын аймақ тұрақтылығы мен тепе-теңдігін бұзудың факторы деп атады.