Иран армиясы Құрлық күштерінің "Айбын" әскери жаттығуы сәтті аяқталды
https://itolqyn.com/news/iran-i41034
Иран армиясы Құрлық күштерінің "Айбын" әскери жаттығуының ақпарат хатшысы генерал Ноузар Немати әскери жаттығудың алдын ала белгіленген барлық мақсаттарға жетумен аяқталғанын хабарлап:
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 27, 2019 10:19 Asia/Almaty
  • Иран армиясы Құрлық күштерінің

Иран армиясы Құрлық күштерінің "Айбын" әскери жаттығуының ақпарат хатшысы генерал Ноузар Немати әскери жаттығудың алдын ала белгіленген барлық мақсаттарға жетумен аяқталғанын хабарлап:

"Иран армиясы Құрлық күштерінің "Айбын-97" әскери жаттығуының соңғы күні әскерилер жауынгерлік бөлімшелер, артиллерия, механикаланған жаяу әскер, әуе күштері, жедел және шабуылдаушы бөлімшелердің оқ жаудыруымен бір мезгілде үйлесімді әрекет етті.

Иран армиясы Құрлық күштерінің "Айбын-97" әскери жаттығуында дұшпанның ізіне түсіп, қуу және олардың құрал-жабдықтары мен бекіністерін толық жою амалдары сәтті орындалды.

Күш-қуат пен қозғалыс қабілетін көрсету, жылдам ауысу және тазарту амалдары да осы әскери жаттығуды өткізудің мақсаттарының бірі болды. Бұлар да сәтті орындалды",-деді.

Иран армиясы Құрлық күштерінің "Айбын" әскери жаттығуы жұма күні Исфаһан облысының Насрабад ауданында басталып, сенбі күні аяқталды.