Егер Иран Ирак пен Сирияға көмектеспегенде, лаңкестер аймақты билеп-төстеп отырар еді
(last modified Sun, 27 Jan 2019 12:14:23 GMT )
Қаң 27, 2019 18:14 Asia/Almaty
  • Егер Иран Ирак пен Сирияға көмектеспегенде, лаңкестер аймақты билеп-төстеп отырар еді

Иранның Вице-президенті Джаһангири Теһранның Бағдат пен Дамаскке көмектесуін Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтардың жойылуына себеп болды деп бағалады.

ИИР Вице-президенті Исхақ Джаһангири жексенбі күні Теһранда өткен 10-шы Халықаралық Фараби фестивалінің жабылу рәсімінде: "Лаңкестік топтар аймақ, әсіресе Ирак пен Сирия халықтарын қырып-жоюды көздеді. Егер Иран көмектеспегенде, ДАИШ аймақта өз билігін орнататын еді",- деді.

Джаһангири сондай-ақ, Иран мен аймақтың өткен 40 жылдағы тарихи оқиғаларына шолу жасап: "Иран сегіз жылдық таңылған соғыстан өтті. Бірақ, америкалықтар мен аймақтың кейбір үкіметтері ашқан Үлкен Парсы шығанағы соғысының салдарлары аймақта  әлі күнге дейін байқалуда",- деді.

Иранның Вице-президенті елінің өткен 40 жылда көптеген қиындықтардан жеңіспен өткеніне тоқталып: "Иран АҚШ-тың экономикалық соғысына қарсы тұрып, өткен 40 жылдағы жетістіктері мен тәжірибесін пайдаланып, алдағы қоқан-лоққыларынан сәтті өтеді",- деп қуаттады.

Исламдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулерге арналған 10-шы Халықаралық Фараби фестивалінің жабылу рәсімінде фестивальдің жеңімпаздары марапатталды.

 

Тегтер