Революция жетекшісі Құмдағы діни семинариядан мәселелерді шешуді күтеді
(last modified Mon, 28 Jan 2019 06:31:02 GMT )
Қаң 28, 2019 12:31 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі Құмдағы діни семинариядан мәселелерді шешуді күтеді

Ислам революциясының жетекшісі жастар, студенттер мен мәдени ықпалды топтардың сауалдарына жауап беруді исламдық үгіт-насихат кеңсесі басшыларының міндеті деп атады.

Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи исламдық үгіт-насихат кеңсесінің басшыларымен кездесуінде оларға атқарып жатқан қызметтері үшін алғыс білдіріп, исламдық үгіт-насихат кеңсесінде жаңашыл діни көзқарас пен зияткерліктің болуын жоғары бағалап, бүгінгі кезеңді революция, еңбек ету мен серпінді әрекеттер жасайтын кезең деп атады.

Хазірет исламдық үгіт-насихат кеңсесін белсенді және көптеген басылымдары бар бөлім деп атап, мәдениет пен өнер саласындағы қызметкерлер үшін туындаған әртүрлі діни сауалдарды тілге тиек етіп, бұл сауалдар мен түсініксіз жайттарға жауап беруді діни семинария мен Исламдық үгіт-насихат кеңсесі секілді мекемелердің міндетіне жүктеді.

Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, жастар мен студенттердің ойларындағы күдік-күмәндарды сейілту үшін кітаптар жазып, басып шығаруды өте қажет деп атады.

Ислам ғылымдарын дамыту, үгіт-насихат саласындағы басқа да белсенді органдармен ортақ желі құрып, өзара әрекеттесу және діни үгіт-насихаттың кемшіліктерін зерттеу Ислам революциясының жетекшісі Исламдық үгіт-насихат кеңсесінің басшыларымен кездесуде ұсынған кеңестердің қатарын құрады.

 

 

Тегтер