Иран көршілес елдерде кіндік қанның діңгекті жасушалары банкін құру туралы ұсыныс жасады
(last modified Mon, 28 Jan 2019 07:01:24 GMT )
Қаң 28, 2019 13:01 Asia/Almaty
  • Иран көршілес елдерде кіндік қанның діңгекті жасушалары банкін құру туралы ұсыныс жасады

Иранның Royan діңгекті жасушалар технологиясы компанияның бас директоры компанияның көршілес елдер мен әлемнің кез келген жерінде кіндік қанның діңгекті жасушалары банкін құрып, оларға осы технологияны ұсынуға әзір екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мортеза Зараби Оксфорд университетінің халықаралық даму тобының (OIDG) басшысы профессор Джеймз Миллердің Royan діңгекті жасушалар технологиясы компаниясының мүмкіндіктері мен зертханаларын көріп қайтқан соң, өз компаниясының кіндік қанның діңгекті жасушалары саласында ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша ынтымақтастық туралы кез келген ұсынысты қолдайтынын айтты.

Оксфорд халықаралық даму тобы АҚШ-тың Миссисипи штатында құрылып, Денсаулық сақтау дипломатиясы жөніндегі кеңсесін Швейцарияның Женева қаласына көшірген.

Бұл мекеме тұрақты даму мен денсаулық сақтау дипломатиясы салалары бойынша жұмыс істейді.

Иранда жалпы кіндік қан банктері Royan орталығы, Қан тапсыру ұйымы мен Сүйек кемігін трансплантациялау орталығында бар. Royan бағаналық жасушалар технологиясы компаниясында кіндік қанның діңгекті жасушаларының арнайы банкі жұмыс істейді.