Зариф: Иран Түркіменстанмен байланыстарын арттыруды маңызды санайды
(last modified Mon, 28 Jan 2019 07:56:51 GMT )
Қаң 28, 2019 13:56 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Түркіменстанмен байланыстарын арттыруды маңызды санайды

Иран Сыртқы істер министрі Зариф ИИР-ның Түркіменстанмен қарым-қатынасын арттыруды маңызды санайтынын мәлімдеді.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия жөніндегі бас басқармасының хабарлауы бойынша, Мохаммад Джавад Зариф жексенбі күні Түркіменстан СІМ-нің орынбасары Вепа Хаджиевпен Теһранда кездесуінде Иранның Түркіменстанмен әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынасты арттыруға мүдделік танытатынын, екі елдің қарым-қатынасын арттыру үшін бар әлеуетін пайдаланатынына үміт білдірді.

Зариф сондай-ақ, Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы келісім жасағанын еске салып, Иранның Каспий теңізіндегі ортақ жобаларды жүзеге асыруға әзірлігін мәлімдеді.

Түркіменстан СІМ-нің орынбасары өз елінің Иранмен байланыстары мен ынтымақтастықтарын өте маңызды бағалап, кейбір кедергілерді жойып, Иран мен Түркіменстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты арттыру үшін тиімді негіздің әзірленетініне талпыныс жасалатынын айтты.