"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы АҚШ-ты әлемде оқшаулады
(last modified Mon, 28 Jan 2019 12:10:58 GMT )
Қаң 28, 2019 18:10 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының АҚШ-ты әлемде оқшаулағанын айтып: "Иран бұл келісімде АҚШ-ты қиын жағдайға душар етті.

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін әлемді Иранға қарсы қоюға бар күшін салғанымен талпыныстары Вашингтонды еш нәтижеге жеткізген жоқ",-деді.

Зариф АҚШ-тың басқа халықаралық хаттамалардан, соның ішінде Париж келісімі мен Солтүстік Американың еркін сауда келісімінен шыққанына да тоқталып: "АҚШ үкіметі халықаралық құқықтар мен принциптерді мүлде құрметтемейді",-деді.  

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, БАӘ-нің сол елде жұмыс істеп жатқан ирандық іскерлер мен ақша айырбастаушылардың құқықтарына көңіл аудармайтынын айтып: "БАӘ Иранмен ауқымды қарым-қатынасқа ие болғанына қарамастан, өз басшыларының саяси және стратегиялық қателіктеріне байланысты ИИР-ға қабылдауға келмейтін қатынас көрсетіп отыр. Иран БАӘ-нің заңсыз әрекеттеріне қатысты тиісті шара қабылдады",-деді.