Ислам революциясы халықтың табандылығымен ішкі және шетелдік үстемшілдерді жеңді
(last modified Wed, 30 Jan 2019 09:35:57 GMT )
Қаң 30, 2019 15:35 Asia/Almaty

ИИР Президенті Рухани: "Имам Хомейни заманауи ғасырдағы дінді жаңғыртушы әрі революцияның сәулетшісі болып, халықтың табандылығымен ішкі және шетелдік үстемшіл күштерді жеңді",- деді.

 

Хасан Рухани Үкімет мүшелерінің Иранның Ислам Республикасы жүйесінің негізін қалаушының армандарына адалдыққа ант беру рәсімінде: "Осыдан қырық жыл бұрын елде тарихтағы теңдессіз оқиға болды. Имам Хомейни халықты жарқын келешекке, тәуелсіз ел болу мен халық билігі және исламдық құндылықтарға үміттендірді. Сондықтан имамның халықтың арасында тудырған үміті Иранның миллиондаған азаматын жұмылдырды. Бұл тарихта бұрын-соңды болмаған іс. Бүгін бірлік пен біртұтастық күні. Имам Хомейнидің ақыл-кеңестері мен қуаттауларының көбі бірлікті сақтау мәселесіне қатысты",- деп баса айтты.

 

Тегтер