Иран әлемде ғылым өндірісі тұрғысынан бірінші орында
https://itolqyn.com/news/iran-i41133
Иранның Ғылым, технология және зерттеулер министрінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Иранның ғылым өндірісінің дамуы тұрғысынан әлемде бірінші орынға ие болғанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 03, 2019 15:40 Asia/Almaty
  • Иран әлемде ғылым өндірісі тұрғысынан бірінші орында

Иранның Ғылым, технология және зерттеулер министрінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Иранның ғылым өндірісінің дамуы тұрғысынан әлемде бірінші орынға ие болғанын айтты.

Мұджтаба Шарияти Ниасар сенбі күні кешке Иранның «Хабар» телеарнасының «Бүгінгі кештің тақырыбы» атты бағдарламасында білім беруге көңіл бөлудің өткен 40 жылда ғылыми дамудың басты себептерінің бірі болғанын айтты.    

Шарияти Ниасар: «Иранның ғылыми қоғамы Ислам революциясынан кейін айтарлықтай дамып, ИИР-ның жоғары білім саласында әлемде танылуына себеп болды»,-деді.