Иранның қолөнер өнімдерінің экспорты артты
(last modified Mon, 04 Feb 2019 09:18:06 GMT )
Ақп 04, 2019 15:18 Asia/Almaty
  • Иранның қолөнер өнімдерінің экспорты артты

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Алиасғар Мунесон ағымдағы шамси жылының 9 айында елінің қолөнер өнімдері экспортының 11 пайызға артқанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ұйымының мәліметі бойынша, Алиасғар Мунесон жексенбі күні Теһранда өткен үшінші қолөнер фестивалінде сөйлеген сөзінде ағымдағы шамси жылының 9 айында Иранның қолөнер өнімдері экспортының 190 миллион долларға жеткенін, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11 пайызға өскенін, өткен 9 айда Иранға 6 миллионнан астам турист келгенін мәлімдеді.