Зариф: Иран қаржы айналымы үшін Еуропаны күтпейді
Иран Сыртқы істер министрі Иранның қаржы айналымы үшін Еуропаны күтпейтінін мәлімдеп: «Еуропа мен Иран арасында сауда айналымына қатысты механизмнің қалыптасуы – сынақ. Еуропалықтардың қаншалықты шынайы екенін байқау керек»,- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні журналистерге берген сұхбатта: «Еуропалықтардың Иранмен сауда айналымы мен қаржы қатынасын жүргізу механизмін орнату әрекеті жылдамырақ жүзеге асуы керек еді. АҚШ-тың қысымдарына байланысты олар кешікті. Еуропалықтар өз міндеттемелеріне сай жұмыстарын жылдамырақ бастауы керек болған. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өзінің барлық міндеттемесін орындады. Бірақ еуропалықтар өз міндеттемелерін орындаған жоқ. АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығып, келтірген шығынының орнын толтыра алмады»,- деп баса айтты.