Зариф: Иран қаржы айналымы үшін Еуропаны күтпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i41160-Зариф_Иран_қаржы_айналымы_үшін_Еуропаны_күтпейді
Иран Сыртқы істер министрі Иранның қаржы айналымы үшін Еуропаны күтпейтінін мәлімдеп: «Еуропа мен Иран арасында сауда айналымына қатысты механизмнің қалыптасуы – сынақ. Еуропалықтардың қаншалықты шынайы екенін байқау керек»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 05, 2019 14:41 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран қаржы айналымы үшін Еуропаны күтпейді

Иран Сыртқы істер министрі Иранның қаржы айналымы үшін Еуропаны күтпейтінін мәлімдеп: «Еуропа мен Иран арасында сауда айналымына қатысты механизмнің қалыптасуы – сынақ. Еуропалықтардың қаншалықты шынайы екенін байқау керек»,- деді.

 

 

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні журналистерге берген сұхбатта: «Еуропалықтардың Иранмен сауда айналымы мен қаржы қатынасын жүргізу механизмін орнату әрекеті жылдамырақ жүзеге асуы керек еді. АҚШ-тың қысымдарына байланысты олар кешікті. Еуропалықтар өз міндеттемелеріне сай жұмыстарын жылдамырақ бастауы керек болған. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өзінің барлық міндеттемесін орындады. Бірақ еуропалықтар өз міндеттемелерін орындаған жоқ. АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығып, келтірген шығынының орнын толтыра алмады»,- деп баса айтты.