Теһранда хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне арналған аза рәсімі өтті
(last modified Wed, 06 Feb 2019 07:40:46 GMT )
Ақп 06, 2019 13:40 Asia/Almaty
  • Теһранда хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне арналған аза рәсімі өтті

Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни мекенде исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне арналған аза рәсімдерінің бірінші кеші Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи, ел басшылары мен халықтың әртүрлі таптарының мыңдаған өкілінің қатысуымен өтті.

Рәсімде аятолла Сейед Ахмад Хатами Ислам революциясының қырық жылдығының хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күнімен тұспа-тұс келгеніне тоқталып: «Ислам революциясы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.)  жолы мен жоғары мақсаттарына сай даму жолына түскенін мақтан тұтады.  Иран халқына қарсы жауластық біздің халықты күшейтті.  Шәксіз, халық кез келген қиындықтан сәтті өтеді»,- деді.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне арналған рәсімге мадақшылар мен жоқтаушылар қатысты.