Лариджани: Сирия халқының табандылығы нәтижеге жетті
(last modified Wed, 06 Feb 2019 08:04:28 GMT )
Ақп 06, 2019 14:04 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани Сирия халқының дұшпанның қастықтарына қарсы табандылығының нәтижеге жеткенін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллеммен кездесуінде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтарды арттыруға мүдделік танытып, Иран мен Сирияның сауда ынтымақтастықтарының ағымдағы жылы артатынын қуаттады.

Валид Муаллем Иран Ислам революциясының қырық  жылдығымен құттықтап: «Иран халқы революциясының оң әсері тек елдің өзімен шектелмей, бүкіл аймаққа таралды»,- деді. Ол АҚШ-тың Сириядан әскерилерін шығаруға қатысты екіжүзділігіне тоқталып: «Америкалықтар уәждеріне қайшы Сириядағы өз күштерін азайтпауымен қатар әскерилерін шығару үдерісін бақылауды сылтауратып, олардың санын арттыра түсті»,- деді.