Иранның аймақтағы маңызды мақсаттарының бірі – Сирияда толық қауіпсіздік орнату
(last modified Wed, 06 Feb 2019 12:10:49 GMT )
Ақп 06, 2019 18:10 Asia/Almaty
  • Иранның аймақтағы маңызды мақсаттарының бірі  – Сирияда толық қауіпсіздік орнату

Иран Президенті Рухани өз елі мен Сирияның қарым-қатынасын бауырластық пен достық сипаттағы бұрынғыдан бетер мықты деп бағалап, ИИР-ның сыртқы саясаты мен аймақтағы маңызды мақсаттарының бірін Сирияда толық қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллеммен кездесуінде Сирия үкіметі мен халқын лаңкестікке қарсы күрестегі жеңістерімен құттықтап: "Сирияның АҚШ басқарған қастандықтарды жеңуі – Сирия халқы мен бүкіл аймақтың жеңісі. Қиындықтарды шешу үшін екі елдің ынтымақтастығы қажет",- деді.

Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллем де ИИР-ның АҚШ-тың қастандықтарын сәтсіздікке ұшырата алатынын дәлеллегенін айтып, ИИР-ның дұшпанды сәтсіздікке ұшыратуын бүкіл аймақтың, соның ішінде Сирияның үлкен жеңісі деп атады.

 

 

 

 

Тегтер