Зариф: Иран аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына көмектесіп жатыр
(last modified Thu, 07 Feb 2019 09:09:13 GMT )
Ақп 07, 2019 15:09 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына көмектесіп жатыр

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Таяу Шығыс аймағының шетелдік араласушылықтардың салдарынан бейберекеттік пен экстремизмге ұшырағанын айтып, Иранның Таяу Шығыс аймағына бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға көмектесіп жатқанын айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Хасан Руханидің шетелдік елшілер, ұйымдар мен өкілдіктердің басшыларымен кездесуі аясында сөйлеген сөзінде: "Иран Ирак пен Сирия халықтарының лаңкестікпен күресінде, Йемен халқының шетелдік басқыншылыққа қарсы қарсыласуында, Палестина халқының сионистік режимнің қастандықтарына қарсы майданында әрдайым тарихи дұрыс позиция ұстанып келеді",-деді.

Зариф барлық қысымдар мен санкцияларға қарамастан, Иран халқының 40 жыл бойы өзінің тәуелсіздігі мен даму жолын еңсесін тік көтеріп жүріп өткенін және бұл жолды жалғастыратынын, Иран қауіпсіздігінің, дамуы мен ғылыми жетістіктерінің елдің ішінен бастау алып, қамтамасыз етіліп жатқанын айтты.