Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаған жоқ
Иран Сыртқы істер министрі Мұххамад Джавад Зариф бейсенбі кешке еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерінен бас тартпағанымен қатар оларды іске асырмағанын да баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Зариф Русия ал-Яум телеарнасына берген сұхбатында еуропалықтардың қаржы механизмін жүзеге асыруды Иранның ҒАТҒ келісіміне қосылуы мен зымырандық бағдарламасының келіссөздерімен байланыстырып, бұл тақырыпты Теһранға қысым көрсету үшін пайдалануы туралы сұраққа: «Еуропалықтар алдымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындасын. Олар талап-тілектерін Иранға таңатын жағдайға ие емес»,- деді.
Зариф сондай-ақ, Иранның қорғаныс саласындағы зымырандарына қатысты айтқан сөзінде: «Иранның зымырандары тек лаңкестік топтарға қарсы қолданылады. Еуропа мен АҚШ-та жасалған қарулар Йемен, Газа мен Йордан өзенінің батыс жағалауындағы, Иордания, Ливан мен Сирияның әскери емес бейбіт тұрғындарын нысанаға алып жатыр»,- деп қуаттады.