Теһрандағы «Blue Marlin» кафесіне өнім стандарты халықаралық сертификаты табыс етілді
Сейсенбі күні SITI1 халықаралық ұйымы Теһранның Заферание ауданында «Blue Marlin» кафе-мейрамханасына өнім стандарты халықаралық сертификатын табыс етті.
SITI1 халықаралық ұйымы – сапалы, сау, халал және түпнұсқа болу тұрғысынан стандартқа сай өнімдер шығарып, қызметтер көрсетуге рұқсат бере алатын жалғыз ұйым. Иранның өкілеттікті растау кеңесі мен ұлттық орталығының келісімі бойынша, SITI1 халықаралық ұйымы NACI/619 және NACI201 номерлі сертификат алып қана қоймай, Швейцарияның Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымынан (WIPO) №1305212 куәлік те алды.
SITI1 халықаралық ұйымы – Иран мен әлемде монополиялы өнімдер, үдерістер мен қызметтерге сертификат беруге құқылы жалғыз ұйым. Растаулар мен рұқсаттар негізінде бұл ұйым алдын ала тексерістер жүргізіп, тиісті халықаралық шаралар атқару арқылы басқа ешбір ұйым мен органның қатысынсыз өнім стандарты сертификатын береді. Қазіргі таңда ешбір жеке және мемлекеттік ұйым немесе органда мұндай сертификат беру мүмкіндігі жоқ.