Ислам революциясының жетекшісі айыпталғандарға амнистия жариялауға келісім берді
(last modified Sat, 09 Feb 2019 11:02:34 GMT )
Ақп 09, 2019 17:02 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі айыпталғандарға амнистия жариялауға келісім берді

Ислам революциясының жетекшісі қоғамдық және революциялық соттар, Қарулы күштердің сот ұйымы мен санкциялар салатын үкіметтік ұйым тарапынан айыпталғандарға амнистия жариялауға немесе жазаларын азайтуға келісім берді.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығы және қасиетті «Фаджр» күндері мен 22 баһманға байланысты хиджри күнтізбесі бойынша 1397 жылдың 22 баһманынан (11 ақпан) бастап амнистияға немесе жазасын жеңілдетуге тиісті шарттарға ие айыпталғандар Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің келісімімен амнистияға немесе жазаларын жеңілдету шешіміне ілініп, исламдық кешірімділіктен пайдаланады.  

Ислам революциясының жетекшісі Сот билігі басшысының хатына берген жауабында айыпталғандарды кешіру ұсынысын қолдап, бұл ұсынысы үшін Жоғары Сотқа алғыс айтып: «Ислам революциясының құрметіне айыпталғандардың отбасыларын Иран халқының қуанышына ортақтастыру Исламның негіздеріне лайық»,- деп жазды.