Зариф: Варшава отырысы өтпей жатып жеңіліске ұшырады
(last modified Sun, 10 Feb 2019 12:01:46 GMT )
Ақп 10, 2019 18:01 Asia/Almaty
  • Зариф: Варшава отырысы өтпей жатып жеңіліске ұшырады

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Варшава отырысындағы Иранға қарсы ұстанымдары мен мақсаттарынан кері шегінгенін, отырыстың басталмай тұрып жеңіліске ұшырағанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф 13‑14 ақпанда Варшава отырысы өтетінін, Польшада Иранға қарсы отырыс өткізуге көп күш жұмсаған америкалықтардың ұстанымдарынан кері шегінгенін, Иранның бұл отырыстың тақырыбы еместігін мәлімдеді.

Зариф АҚШ Президенті орынбасарының Варшава отырысына қатысуын америкалықтардың бастапқы мақсатына жетпегенінің белгісі деп атады.  

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ‑тың өзіне қарсы қалыптасқан кеңістікті түзетуге тырысып жатқанын айтты.