ИИР Телерадио бірлестігінің басшылары имам Хомейнидің армандарына адалдықтарын қайта жариялады
Бүгін, жексенбі ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы мен бөлім директорлары имам Хомейнидің кесенесінде ИИР-ның негізін қалаушының армандарына адалдықтарын қайта жариялады.
Абдуәли Әли Аскари жексенбі күні осы рәсімде Ислам революциясын Иран тарихындағы маңызды оқиға деп атап: «Ислам революциясы жаңа ғасырда адамзаттың алдынан жаңа жол ашып, адамдардың Алла Тағалаға бет бұруына себеп болды»,‑деді.
Әли Аскари Иран Ислам революциясының жалғасып жатқанын, революциялық ойлармен дұшпандардың қастандықтарына қарсы тұруға болатынын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы діндарлық, әділет, тәуелсіздік және адамды құрметтеп, факиһтің билігін жақтауды Ислам революциясы ерекшеліктерінің бірі деп атап, Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығында барша халықтың елдің дамуы жолында үлкен қадамдар жасайтынына үміт білдірді.