Иран халқы америкалықтар мен еуропалықтардың қоқан-лоққыларынан қорықпайды
Иран Сот органының басшысы аятолла Амоли Лариджани Иран халқының америкалықтар мен еуропалықтардың қоқан-лоққыларынан қорықпайтынын, олардың алдында тізе бүкпейтінін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Садық Амоли Лариджани жексенбі күні Иран халқының Ислам революциясын сақтап қалуға бар күшін жұмсағанын айтып: «Иран халқы 22 баһман шеруіне жаппай қатысу арқылы дұшпандардың қастандықтарын, АҚШ пен оның қолшоқпарларының психологиялық амалдарын залалсыздандырғанын айтып: «Иранның қырағы халқы бірлік, біртұтастық пен тілеулестік күні саналатын 22 баһманда Исламдық жүйенің абырой‑айбынын дұшпандарға көрсетеді»,‑деді.
Иран Ислам революциясы 1979 жылы 11 ақпанда ИИР‑ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің басқаруымен жеңіске жетті.