Зариф Нетаньяхудың Иранға қарсы сөзіне реакция білдірді
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында Беньямин Нетаньяхудың Иранмен соғысу туралы сөзіне реакциясында: "Иран Нетаньяхудың негізсіз ойларынан хабардар. Бүгінде әлем халықтары мен Варшава «циркіне» қатысып жатқандар мұны біледі",-деп жазды.
Сионистік режимнің Премьер-министрі кеше сәрсенбі күні Варшава отырысы аясында араб елдері басшыларымен Иранмен соғысу туралы сұхбаттасу үшін кездескенін айтқаннан кейін Нетаньяхудың хатшысы мұны жуып-шайып, «Израиль Премьер-министрінің айтпағы Иранмен күресу болды» деп түсіндірді.
Осындай жағдайда Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Twitter-дегі жеке парақшасынан сәрсенбі күні кешке Иранмен соғысуды талап еткен жазбасын өшіріп тастады.