Зариф Систан мен Белучистан облысында жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Систан мен Белучистан облысында жасалған лаңкестік шабуылды айыптап, Варшава отырысымен тұспа-тұс Иранның лаңкестік шабуыл нысанасына айналуының кездейсоқ емес екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф: "Иран шекарашыларын қанға бөктірген лаңкестердің жақтастары Варшава көшелерінде осы лаңкестік әрекетке қуанып, Twitter-дегі роботтар арқылы оған қолдау білдіріп жатыр. АҚШ әрдайым біркелкі қателік жасағанымен одан әртүрлі нәтиже күтеді",-деп қуаттады.
Сәрсенбі және бейсенбі күндері Польшаның астанасында АҚШ пен оның одақтастарының басқаруымен "Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік" тақырыбында отырыс өтіп жатыр.