Систан мен Белучистан облысындағы лаңкестік шабуылда 27 адам шәһид болып, 13 адам жараланды
(last modified Thu, 14 Feb 2019 14:15:36 GMT )
Ақп 14, 2019 20:15 Asia/Almaty

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құрлық күштерінің "Құдс" гарнизоны сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жариялап:

"Шекара маңында миссиясын аяқтап, туған жерлеріне қайтып бара жатқан ислам жауынгерлерін тасымалдаған бір автобус Систан мен Белучистан облысының Хаш-Заһедан күре жолында өзін-өзі өлтіруге дайын бір тәкфиршіл лаңкес көлігінің шабуылына ұшырады. Лаңкестік оқиғада 27 адам шәһид болып, 13 адам жараланды.

Үстемшіл және сионистік жүйенің барлау қызметтерінің қолдауымен жасалған бұл айуандық әрекет Иран шекараларын қорғаушылардың мықты жігеріне сызат түсірмеуімен қатар олардың ел шекарасының қауіпсіздігін, халықтың тыныштығын сақтауға деген құлшыныстарын одан ары арттыра түсті",-деді.

"Джейш ул-Золм" лаңкестік тобы сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, қылмыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.