Варшава конференциясының қорытынды мәлімдемесі – оның жеңілісі мен сәтсіздігінің құжаты
(last modified Fri, 15 Feb 2019 11:35:23 GMT )
Ақп 15, 2019 17:35 Asia/Almaty
  • Варшава конференциясының қорытынды мәлімдемесі – оның жеңілісі мен сәтсіздігінің құжаты

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми бейсенбі күні Варшава конференциясының қорытынды мәлімдемесіне реакция білдіріп, оны беделсіз деп атап:

«Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбындағы конференцияға Иран, Түркия, Ливан, Сирия, Ирак пен Палестина сияқты аймақтың негізгі ойыншылары және Қытай мен Ресей сияқты маңызды елдер қатыспай, еуропалық және еуропалық емес маңызды елдердің көбі болмағаннан кейін бұл конференция қалай сәтті болады?

АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Вице-Президентінің сөз сөйлегенде Еуропаны «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға үгіттеуі – АҚШ-тың  Варшава конференциясын өткізуден көздеген мақсаттарын орындауда сәтсіздікке ұшырағанын көрсететін ең жақсы белгі»,-деді.

Иранға қарсы Варшава конференциясы ақпанның 13-14 күндері Польшаның астанасында өтті. Бұл конференция АҚШ пен сионистік режимнің Иранның атауын қорытынды мәлімдемеге қоса алмаған жағдайда аяқталды.

 

Тегтер