Зариф: Батыс елдері, әсіресе АҚШ өздерінің соңғы 40 жылдағы қателіктерін түсінуі тиіс
(last modified Fri, 15 Feb 2019 11:44:19 GMT )
Ақп 15, 2019 17:44 Asia/Almaty
  • Зариф: Батыс елдері, әсіресе АҚШ өздерінің соңғы 40 жылдағы қателіктерін түсінуі тиіс

ИИР Сыртқы істер министрі: «Егер Батыс елдері, әсіресе АҚШ тез арада өздерінің соңғы 40 жылдағы қателіктерін түсінсе, өмірді өздері мен аймақ үшін жеңілдетер еді»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке 55-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысу үшін Германияға аттанар алдында берген сұхбатында Иранға қарсы Варшава конференциясын алдын ала жеңіліс тапқан отырыс деп атап: «Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ресми түрде Варшавада соғысу үшін одақтасатындарын мәлімдеді. Алайда бұл одақ жеңіліс тауып, нәтижеге жетпеді.

АҚШ қате саясат арқылы Дональд Трамптың өз елінің Таяу Шығыс аймағына 7 трлн доллар жұмсап, еш нәтижеге жетпегенін мәлімдеуіне себеп болды»,-деді.