Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері жас ұрпақтың 2019 жылдың ақпан айының 11 күні өткен «22 баһман» шеруіне қатысуын тамсанарлық жағдай деп бағалап, Иран халқының «22 баһман» шеруіне қатысуын дұшпандарға берілген ауыр соққы деп атады.
Теһран жұма намазының құтпагері Мұхаммад Джавад Хадж Әли Акбари: «Иран халқы ақпан айының 11 күні өткен 22 баһман шеруінде ең көркем ұжымдық тақуалықты көрсетті. Бұл халық өз заманындағы пұтқа табынушылардың құрсауынан босап, азаттық пен тәуелсіздіктің дәмін татқан»,-деді.
Хадж Әли Акбари Иран халқының биік шыңдарды бағындырып жатқанын айтып: «Иран халқы ақпараттық соғыс, жауластық, санкциялар мен экономикалық жағдайдың ауырлығына қарамай, 22 баһман күні ерлік жасады. Барша бұл ерлікті мойындады»,-деді.