Рухани: Иранның құдіреті еш уақытта басқаларға қатер төндірмейді
ИИР Президенті Иранның қорғаныс құдыретінің елдің мүддесін қорғауға бағытталғанын, Иранның еш уақытта басқа елге шабуыл жасауды көздемегенін баса айтты.
Хасан Рухани жексенбі күні «Фатх» сүңгуір қайығының ИИР Армиясының теңіз күштеріне тапсырылуы рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Иран Армиясының теңіз күштері Парсы шығанағы, Оман теңізі, Каспий теңізі және Үнді мұхитының бір бөлігін қорғауымен бірге халықаралық суларға да кіріп, ИИР мүдделері мен кеме қатынасының қауіпсіздігін қолдап, елдің айбынын көтеру ісінде ықпалға ие болып отыр. Дұшпанның қысымдары мен санкциялары және таңған соғысы Иранның қорғаныс өнеркәсібін, әсіресе теңіз өндірісі мен жер үсті, жер асты бірліктерін өз күшімен қамтамасыз етуіне себеп болды. Құдайға шүкір, ИИР құрлықта, әуе мен теңізде толығымен тек өзіне арқай сүйейді. Иранның құдіреті өткен онжылдықтарда, тіпті соңғы ғасырларда бүгінгі деңгейге жеткен емес»,- деді.