Діни жетекші ел басшыларына еуропалықтардың қастандықтарынан абай болуды ескертті
Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасы жүйесін өте жақсы, АҚШ басқарған үстемшілдердің майданын өте әлсіз жағдайда деп атады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, дүйсенбі күні Шығыс Әзірбайжан облысы халқының мыңдаған өкілімен кездесуінде дұшпанның, яғни АҚШ басқарған үстемшілдер майданының қазіргі ең әлсіз жағдайына тоқталып: "Біз өзімізді аңқау көрсетіп, дұшпанға немқұрайдылық білдіргіміз келмейді. Бірақ қазіргі жағдай дұшпанның ішкі және сыртқы мәселелерге қатты шырмалағанын көрсетеді",- деді.
Аятолла Хаменеи қоғамдық қиындықтарды, жастардың алаңдаушылықтарын, кісі өлімі мен қылмыстар санының артуын, нашақорлық пен есірткінің таралуын, АҚШ басшылары арасындағы қақтығыстар мен қарыздарын АҚШ-ты шырмаған мәселелер деп атап: "Мұның барлығы АҚШ-тың ресми және ішкі мәліметтері негізінде жасалған қорытынды. Дәл осы қиындықтар АҚШ-ты Сирия, Ирак пен Ауғанстандағы қазіргі жағдайға тіреп, қатты ашуға булықтырып отыр",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі Варшава отырысының ойлаған нәтижеге жетпегенін баса айтып: "АҚШ-тың ақылы аз басшылары өзіне қарайтын кейбір әлсіз үкіметтерді Варшава отырысына қатыстырып, Иранға қарсы шешім қабылдауға шақырды. Бірақ отырыстары ешбір нәтижеге жеткен жоқ. Бұл олардың әлсіздіктерінің белгісі. Әлсіз жағдайда ашуланатын дұшпан жанжал бастайды",- деп ескертті. Хазірет, сондай-ақ, Иран басшыларына батыстықтардың әрекеттерін қастандық деп ескертіп: "Америкалықтардың ұстанымы белгілі, өйткені олар алдарынан семсер ұстап отыр. Алайда айла-шарғы ойластырып, әрекет жасайтын еуропалықтардан абай болу керек",- деді.