Америкалықтардың Иранның зымырандық жүйесіне ықпалы туралы уәждері өтірік
Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Хаджизаде америкалықтардың Иранның зымырандық жүйесіне ықпал ете алатыны туралы уәждерін үлкен өтірік деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, генерал Амирәли Хаджизаде сейсенбі күні Иранның батысындағы Хамеданда сөйлеген сөзінде америкалықтардың Иранның әскери жүйесін бұзғаны туралы уәждеріне тоқталып: «АҚШ пен сионистік режим Иранның әскери бөлшектерінің кейбіреуін бұзып, соққы жасағысы келді. Бірақ Ислам республикасы қырағылық танытып, қоқан-лоққыны мұрсат ретінде пайдаланды»,- деді. Хаджизаде Иранның АҚШ-тың тыңшылық ұшақтарынан ДАИШ және оның мүмкіндіктері туралы мәліметтерді алғанына тоқталып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының бақылау орталығы Ирак пен Сирия елдерінің әуе кеңістіктерінде ДАИШ ұшақтарының ұшуы мен әрекеттерін бақылауға алды»,- деді.