Зариф: Сионистік режим халықаралық заңдарды бұзып отыр
ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні сионистік режимнің аймақтағы әрекеттерін қауіпті деп атап, Израильдің халықаралық заңдарды бұзып отырғанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Германияның (Süddeutsche Zeitung) газетіне берген сұхбатында сионистік режимнің Ливан мен Сирияның әуе кеңістіктерін бұзғанын айтып: «Израильдің аймақтағы шаралары халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның қарарларын бұзады»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Сирияға шабуылдарын авантюристік сипатта деп атап: «Израиль авантюристік әрекеттер жасайды. Бұл өте қауіпті»,-деді.
Зариф Иранның Сириядағы әскери кеңесшілеріне тоқталып, олардың Сирия үкіметінің өтінішімен осы елде жүргенін айтты.