Зариф: INSTEX – Еуропаның уәделерін орындау үшін жасаған кіріспесі
Иран Сыртқы істер министрі сауда айналымын қолдауға арналған құралды (INSTEX) Еуропаның өз уәделерін орындау үшін жасаған кіріспесі деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Швейцарияның Basler Zeitung газетінде жарияланған сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін келісімнің басқа тараптарының 12 баптан тұратын міндеттеме қабылдағанын айтып, INSTEX-ті Еуропаның өз уәделерін орындау үшін жасаған кіріспесі ғана деп атады.
Зариф АҚШ-тың Иранды тізе бүктіруге бар күшін салып жатқанын, бірақ сәтсіздікке ұшырайтынын, егер Иран мұнайын сатып алушылардың барлығы АҚШ-тың қоқан-лоққылары алдында бас июге шешім қабылдаса, Иран басқа құралдарды қолданатынын мәлімдеді.