Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтар жүйесіне ықпалы – олардың уәждеріне берілген жауап
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Хаджизаде Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтар жүйесіне ықпалын олардың Иранға зымыранның ақауы бар бөлшектердің жіберілгені туралы уәждеріне берілген жауап деп атады.
«Нью‑Йорк Таймс» газеті осыдан бұрын жариялаған бір мақаласында АҚШ үкіметінің Иранның зымырандық өнеркәсібін бүлдіруге бағытталған жасырын жобасын әшкереледі.
Сол мақалаға сәйкес, АҚШ үкіметінің құпия жобасының мақсаты Иранның әуе‑ғарыш өнеркәсібіне ақауы бар бөлшектер енгізу болды.
Генерал Амирәли Хаджизаде жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтарының жүйесіне ықпалына тоқталып: «Осылайша Сақшылар корпусы америкалықтарға олардың ешқашан өздерінің Иранға қарсы мақсаттарына жетпейтінін көрсетті»,‑деді.