Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтар жүйесіне ықпалы – олардың уәждеріне берілген жауап
https://itolqyn.com/news/iran-i41355-Сақшылар_корпусының_америкалық_ұшқышсыз_ұшақтар_жүйесіне_ықпалы_олардың_уәждеріне_берілген_жауап
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Хаджизаде Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтар жүйесіне ықпалын олардың Иранға зымыранның ақауы бар бөлшектердің жіберілгені туралы уәждеріне берілген жауап деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 25, 2019 12:46 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтар жүйесіне ықпалы – олардың уәждеріне берілген жауап

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Хаджизаде Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтар жүйесіне ықпалын олардың Иранға зымыранның ақауы бар бөлшектердің жіберілгені туралы уәждеріне берілген жауап деп атады.

«Нью‑Йорк Таймс» газеті осыдан бұрын жариялаған бір мақаласында АҚШ үкіметінің Иранның зымырандық өнеркәсібін бүлдіруге бағытталған жасырын жобасын әшкереледі.

Сол мақалаға сәйкес, АҚШ үкіметінің құпия жобасының мақсаты Иранның әуе‑ғарыш өнеркәсібіне ақауы бар бөлшектер енгізу болды.

Генерал Амирәли Хаджизаде жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Сақшылар корпусының америкалық ұшқышсыз ұшақтарының жүйесіне ықпалына тоқталып: «Осылайша Сақшылар корпусы америкалықтарға олардың ешқашан өздерінің Иранға қарсы мақсаттарына жетпейтінін көрсетті»,‑деді.