Иранның сыртқы саясатының көп векторлығы туралы Зарифтың көзқарасы
Зариф «Иранның сыртқы саясатының көп векторлығы: мүмкіндіктері мен стратегиясы» атты тақырыпта өткен конференцияда Иран Ислам революциясының сыртқы саясат саласындағы негізгі ұрандарының бірі тәуелсіздік талап ету екеніне тоқталып: "Тәуелсіздік – өзімізбен шектеліп, дүниемен, басқа елдермен қарым-қатынас орнатпау деген сөз емес",- деді.
Тәуелсіздік өзімізбен шектеліп, дүниемен, басқа елдермен қарым-қатынас орнатпау деген мағынаны білдірмейді. Тәуелсіздік өзімізді мақұрым етіп, әлемнің мүмкіндіктерін пайдаланбау дегенді білдірмейді. Тәуелсіздік – өміріміз бен тұрмысымызды жалғастыру үшін қауіпсіз болып, жергілікті күшке сүйену. Тәуелсіздік өндірісте де, халықаралық қарым-қатынаста да бір мағынаны білдіреді.
Зариф бұл жолдың қиындықтары да болатынын айтып, әскери әлеуетпен бірге дипломатияға да тиісінше көңіл бөлу керек екенін қуаттады.
Өткен жиырма жылдағы аймақ өзгерістері Иранның тәуелсіз саясатының әлемдік алпауыттардың ерік-жігерінен жоғары жаңа мүмкіндіктер тудырды. Иран бұл салада аймақтағы, әсіресе Сирия, Ирак пен Ливандағы дағдарыстарға қарсы өзінің геополитикалық рөлін растады. Бұл маңызды рөл саяси тәуелсіздікті пайдалану арқылы географиялық орнының ерекшелігімен Иранның саяси қарым-қатынасын нығайтуға жағдай тудырды. Иранның Астана үдерісі негізінде ДАИШ лаңкестік тобын жойып, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату саласында Ресей және Түркиямен стратегиялық ынтымақтастығы дәл осы маңызды ықпалының нәтижесі болды. Бүгін АҚШ-тың қастандықтары және Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің Иранның аймақтағы рөліне қарсылық білдіруіне қарамастан аймақтағы өзгерістер дағдарысты шешу саласында табысты болып отыр. Саяси бақылаушылар бұл өзгерісті АҚШ-тың біржақтылығына қарсы теңгерім орнату үшін маңызды фактор деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 13 абан – үстемшілдікке қарсы күрестің ұлттық күніне орай сөйлеген сөзінде: "Қазіргі таңда АҚШ-тың шешім қабылдау ісіне араласпайтын жалғыз мемлекет – Иран Ислам Республикасы. Бұл – АҚШ-тың сәтсіздігінің белгісі",- деген болатын.
АҚШ-тың Варшава отырысы сияқты басқосуларды өткізудегі талпынысы бұл мемлекеттің Иранға қысым көрсету жасау үшін коалиция құру мақсатын көздеді. Бірақ бұл саясаты әртүрлі себептерге байланысты іске аспады.
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Теһранда өткен конференцияда: "АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы стратегиялық сәтсіздік болды. Олар Польша отырысын өткізді. Бірақ нәтижеге жетпеді. Олар талпыныстарын жалғастырады. Бұл бірнеше векторлық саясаттың маңыздылығының белгісі",- деді.
Қорыта айтқанда, бүгінде АҚШ-тың әлемдегі ықпалы төмендеп барады. Америкалықтар қазір қырық жылдан бұрынғы кезеңмен салыстырғанда анағұрлым әлсіз ел.