Діни жетекші: Ислам революциясы ілгерілей түседі
(last modified Tue, 26 Feb 2019 08:38:06 GMT )
Ақп 26, 2019 14:38 Asia/Almaty
  • Діни жетекші: Ислам революциясы ілгерілей түседі

Ислам революциясының жетекшісі басшыларға түңілу мен үмітсіздікті қою туралы ақыл-кеңес беріп, Ислам революциясының ілгерілей түсетінін қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің еңбектерін сақтау және тарату орталығының мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи 24 ақпандағы фикх сабағының басында имам Садықтың (ғ.с.) істің нәтижесі туралы ойланып, оларды ықыласпен орындау тақырыбы туралы хадисіне тоқталып: «Алланың көмегімен 22 баһманда елде қандай айбынды оқиғаның болғаны көрдіңіздер. Бұл тағы бір революция. Революция ілгерілеп келеді. Бұл халық пен ұлы имамның қозғалысына қырық жыл болды. Барлық нәрселер ұмытылуы керек болғанымен халық бұл оқиғаға күні кеше болғандай қатынас көрсетіп отыр»,- деді.