Ислам революциясының жетекшісі Башар Асадпен кездесті
(last modified Tue, 26 Feb 2019 09:29:43 GMT )
Ақп 26, 2019 15:29 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Башар Асадпен кездесті

Исламдық Иран Сирия үкіметі мен халқына көмектесуді қарсыласу ағымына көмектесу деп атап, оны мақтан тұтатынын мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше, дүйсенбі күні Сирия Президенті Башар Асадпен   кездесуінде Сирияның жеңіске жетуі мен АҚШ пен аймақтағы жалдамалыларды сәтсіздікке ұшыратудың сырын Сирия Президенті мен халқының табандылығы және олардың қарсыласу қозғалысына сүйенуінде деп атап, алдағы қастандықтардан абай болу қажет екенін баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі ескерткендей, Сирия өзінің табандылығы және халқының қолдауымен АҚШ, Еуропа мен аймақтағы одақтастарынан құрылған үлкен коалицияға қарсы тұрып, сол оқиғада жеңіске жетті. Аймақтың қазіргі жағдайындағы маңызды мәселе – олардың басқа жолдар арқылы араласуды көздейтін басқа қастандықтарына қарсы тұру.

Ислам революциясының жетекшісі Сириядағы қарсыласу ағымы жеңісінің америкалықтардың ашуына себеп болғаны мен олардың жаңа қастандықтар жобалау үшін талпыныс жасап жатқанына тоқталып, америкалықтардың Сирияда  буферлік аймақ құру мәселесін келісуге болмайтын әрі қатаң қарсы тұруды қажет ететін қатерлі қастандықтардың бірі деп атады. Аятолла Хаменеи америкалықтардың Ирак пен Сирия шекараларында әскерилерін қалдыру жобасын олардың келесі бір бағдарламасы деп атап:  «Иран мен Сирия терең стратегиялық қарым-қатынасқа ие. Қарсыласу ағымының болмысы мен күш-қуаты осы стратегиялық қарым-қатынаспен байланысты. Сондықтан дұшпан өз жобаларын іске асыра алмайды»,- деп қуаттады.

Сирия өз халқының қолдауына ие болып, АҚШ, Израиль мен аймақтағы басқа одақтастарын шынайы дағдарысқа тіреді. Бұл үдеріс қиын болғанымен Иран Сириядағы лаңкестікке қарсы күреске дер кезінде араласуымен ДАИШ-тың бүліктерін тоқтатты. Бірақ аймақ әлі де тұрақтылық пен қауіпсіздікті бұзатын қоқан-лоққылар және араласу әрекеттерімен бетпе-бет келіп отыр. АҚШ исламдық қарсыласу ағымын сәтсіздікке ұшырату үшін кез келген сылтаумен Сирияда қалуы керек екенін жақсы түсінеді.

АҚШ Ұлттық қорғаныс институтының сарапшыларының бірі Николас Хирас «Трамп Сирияда бүлікшілерге инвестиция салуы керек» деген сараптамасында Сирияның оңтүстік майданын пайдалануды арттырудың Трамп үкіметіне Сирияның кейбір маңызды аймақтарын өз бақылауына алуға жаттығу үшін мұрсат беретінін жазды.  

Қазіргі жағдайда америкалық-сионистік жобаның мақсаты – Сирияны діни және ұлттық ұстанымдарына сай жеке саяси режимдерге жіктеу. АҚШ үкіметі кезінде Сайкс-Пико келісімі бойынша араб елдерін жіктегендей, бұл жобаның жылдам іске аспайтынын біледі. Сирия халқының тарихи және ұлттық жағдайы аталмыш жобаны қайтарып, күшін жоятын факторлар тудырды. Бұл факторлардың ең маңыздысы Сирия халқы арасындағы діни, ұлттық, отбасылық, экономикалық және қоғамдық байланыстар болып табылады.