Иран Президенті Зарифтің отставкаға кетуіне қарсылық білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i41383
ИИР Президенті елдің Сыртқы Істер Министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің отставкаға кетуіне қарсылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 27, 2019 14:38 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Зарифтің отставкаға кетуіне қарсылық білдірді

ИИР Президенті елдің Сыртқы Істер Министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің отставкаға кетуіне қарсылық білдірді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Иран Сыртқы Істер Министрі Мұхаммад Джавад Зарифке жолдаған хатында отставкаға оның кетуіне қарсылық білдіруімен бірге оның сұранысымен келісуді елдің мүдделеріне қайшы деп атап: «Иран Сыртқы Істер Министрі АҚШ-тың жан-жақты қысымдарына қарсы табандылық шебінің алдыңғы сапында тұрды. Министрліктің өткен айлардағы АҚШ-тың қастандықтарына қарсы жетістіктері аймақ пен әлем деңгейінде маңызды болды»,- деді.

Иран Президенті сионистік режим секілді Иран халқы дұшпанының Зарифтің отставкаға кетуіне қуануын оның міндетінің табыстылығы мен одан әрі жалғастыруы қажеттігін ең жақсы қуаттауы екенін баса айтып: «Күш-қуат, батылдық және қырағылықпен жұмысыңызды жалғастырыңыз»,- деді. 

Кейбір бейресми дерек көздері Мұхаммад Джавад Зарифтің отставкаға кетуді сұрауының себебін президенттік кеңседегі кейбір үйлесімсіздіктер деп атады.