Иран мен Армения жан-жақты байланыстарын дамыту үшін жеткілікті ерік-жігерге ие
(last modified Wed, 27 Feb 2019 13:51:04 GMT )
Ақп 27, 2019 19:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Армения жан-жақты байланыстарын дамыту үшін жеткілікті ерік-жігерге ие

ИИР Президенті Рухани Теһран мен Ереван байланыстарының артып келе жатқанын, екі ел үкіметінің жан-жақты байланыстарын дамыту үшін жеткілікті ерік-жігерге ие екенін қуаттады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Иран мен Арменияның жоғары деңгейлі делегациясының Теһранда отырысы өтіп, ынтымақтастық құжаттарына қол қойылған соң Ереванның АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялар салуға қатысты ұстанымына алғыс айтып: "Екі ел арасында саяси, мәдени, туризм, ғылыми және университеттік мәселелерге саласында жақсы қарым-қатынас орнатылған. Теһран бұл салаларды дамытуды қолдайды",- деді.

Рухани Иранның Арменияға газ экспортын арттыруға, сондай-ақ, Армения арқылы Грузияға газ экспорттауға дайын екенін мәлімдеді.

Никол Пашинян екі елдің сауда және экономикалық ынтымақтастықтары мен тауар айналымы мен азаматтарының екі жақты барыс-келісін арттыру үшін жақсы перспективалардың бар екеніне тоқталып, бұл мүмкіндіктерді пайдалануға кәсіпкерлер қоғамын жігерлендіру қажеттігін айтты. Пашинян Арменияның Иранмен ынтымақтастықтарын дамытуға мүдделі екенін, Иран газын Грузияға жеткізуге ықпалдастық жасауға әзірлігін мәлімдеді.