Шамхани: АҚШ-тың құдіреті құлдырап барады
https://itolqyn.com/news/iran-i41415
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Америка құдіретінің құлдырап бара жатқанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 03, 2019 16:23 Asia/Almaty
  • Шамхани: АҚШ-тың құдіреті құлдырап барады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Америка құдіретінің құлдырап бара жатқанын айтты.

Әли Шамхани жексенбі күні Теһранда «Қасиетті қорғаныстың ауызша тарихы» деген тақырыпта өткен ұлттық форумда: «АҚШ, Батыс елдері мен аймақтағы кертартпа елдер исламдық қарсыласудың тамырын жою үшін лаңкестер мен жалдамалыларды пайдаланғанымен, қарсыласу қозғалысының жауынгерлері, Сирия армиясы, Ирактың Хашд әш-Шааби күштері, Йеменнің Ансаролла қозғалысы мен қасиетті мекендерді қорғаушылар Батыстың әлемнің өзегі еместігін, АҚШ-тың құдіретін білдіретін қағаз мүсінді оп-оңай құлатуға болатынын көрсетті.

Бүгінде басып алынған жерлерде қауіпсіздік орнату үшін орасан зор қаражат жұмсалып жатқанына қарамастан, АҚШ пен аймақтағы кертартпа елдердің Израиль шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиясы тығырыққа тірелді. Құдсты басып алған режим өз шекарасында, тіпті шекара ішінде қауіп-қатерді көбірек сезінеді»,-деді.