Теһранда «Солтүстік-Оңтүстік» транзит дәлізінің үйлестіру кеңесінің жетінші отырысы басталды
Бүгін дүйсенбі күні Теһранда «Солтүстік-Оңтүстік» транзит дәлізі үйлестіру кеңесінің екікүндік жетінші отырысы 14 мемлекет өкілдерінің қатысуымен жұмысын бастады.
Иранның Қала құрылысы және жол министрі Мұхаммад Ислами дүйсенбі күні «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің үйлестіру кеңесінің жетінші отырысының басталу рәсімінде отырыстың Қазвин-Рашт темір жолының іске қосылуымен тұспа-тұс өтуіне тоқталып, "Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі үйлестіру кеңесінің отырысын дәліз тарихындағы маңызды оқиға деп атады.
Мүше елдер мамандарының жетінші отырысымен тұспа-тұс өтетін бұл екі күндік басқосуда «Солтүстік-Оңтүстік» транзит дәлізінің теңіз бөлігі және жүк тасымалдайтын көліктерді Каспий теңізінің үстінен тасымалдау секілді тақырыптар талқыланады. «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі 2000 жылы Иран, Үндістан және Ресейдің ынтымақтастығымен құрылды. Жобаға осы уақытқа дейін 11 мемлекет қосылып, қазір 14 мемлекет қатысып отыр. Иран өзінің стратегиялық жағдайына байланысты әлем дәліздерінің қиылысында орналасқан. Сондықтан әлемнің қарым-қатынасы үшін маңызды саналатын «Солтүстік-Оңтүстік», "Шығыс-Батыс", "Оңтүстік Азия"секілді дәліздер Иран арқылы өтеді.
«Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі – Азия мен Еуропаның сауда байланысы үшін ең маңызды жол. Дәстүрлі жолдармен салыстырғанда бұл дәліз 40 пайызға қысқа, қаржы тұрғысынан 30 пайыз арзан. Бұл дәліз – Орталық Азиядағы маңызды тразиттік жолдардың бірі. Оның бойындағы бойындағы елдер ынтымақтастық келісімдер арқылы өздерінің порттарын, құрлық жолдары мен темір жолдарын дамытумен айналысып жатыр.
Теһран басқосуы мақсаттарының бірі халықаралық транзитті дамытумен шектелмей, сауда деңгейін арттыруды қарастыру саналады. 2018 жылы бұл дәлізден 11 миллион тонна тауар тасымалданды. «Солтүстік-Оңтүстік» дәліздің маңызды бөлімі Қазвин-Рашт темір жолының іске қосылуымен бұл мөлшер артады.
Иранның Қала құрылысы және жол министрінің орынбасары Шаһрам Адамнежад «Солтүстік-Оңтүстік» транзит дәлізі үйлестіру кеңесінің жетінші отырысында сөйлеген сөзінде: "Дәліздің сауда қарым-қатынастардағы рөлін арттырып, дәліздің бойындағы өнеркәсіптік буындардың жұмыстарын жандандыру, соның ішінде бұл саладағы стратегиялық жұмыстар Иранның солтүстігіндегі порттардың теңіз жолдарын дамытып, оларды кеме қатынасы арқылы Каспий теңізі жағалауындағы басқа порттарға қоса алады",- деді. Бұл әрекеттер мен жобалар «Солтүстік-Оңтүстік» пен «Оңтүстік-Батыс» дәліздерін нығайтып, Қара теңізге қосуға көмектеседі. ИИР бұл салада шетелдік инвестицияларды тарту үшін ынтымақтастық жасауға дайын.
«Солтүстік-Оңтүстік» транзит дәлізінің үйлестіру кеңесінің жетінші отырысына қатысушылар мүше елдердің жұмыстарының үйлесімділігін арттыру үшін шара қолданып, «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің басымдылықтарын пайдалану үшін қажет жағдай орнатады деген үміт бар.