Иранның электр желісі Әзірбайжан арқылы Ресейге қосылады
Иранның Энергетика министрі Реза Ардеканиан елдің электр желісінің Әзірбайжан арқылы Ресейге қосылатынын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметін бойынша, Реза Ардаканиан сейсенбі күні Теһранда Әзірбайжанның Экономика министрі Шахин Мұстафаевпен кездесуінде Иран, Әзірбайжан және Армения ынтымақтастықтарының таза энергияны пайдалану үшін мұрсат тудырғанын, Иран мен Әзірбайжанның энергиямен алмасу туралы келісімге қол қойғанын айтты.
Иранның Энергетика министрінің айтуы бойынша екі ел су мен электр желілері бөлімінде де ынтымақтастық жасайды.
Шахин Мұстафаев Иран мен Әзірбайжанның ежелден келе жатқан байланыстарының тарихына тоқталып: «Екі ел арасындағы келіссөздерде үнемі үшжақты, Иран-Әзірбайжан-Ресей, Иран-Әзірбайжан-Грузия және Иран-Әзірбайжан-Түркия арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтар туралы пікір алмасу өтіп жатыр»,- деді.